"Өздері үкіметі толық қираған, жемқорлыққа батқан, қолдарынан ешнәрсе келмейтін мемлекеттерден шыққан Конгрестегі "прогрессивті" демократ әйелдер Құрама Штаттардың еліне – әлемдегі ең ұлы әрі қуатты өлкенің билігіне қайтіп жұмыс істеу керектігін үйретеді" - деп жазды Трамп Твиттерге.
Ол Конгрестегі әйелдерге ата-баба жеріне барып, қираған әрі қылмысқа батқан үкіметтеріне жәрдем беруге ұсыныс жасады.
Трамп ешкімнің атын атамаса да, бірқатар ақпарат құралдары "АҚШ президенті Конгрестегі төрт әйел туралы айтып жатқан болу керек" деп жазды. Олар - Александрия Окасио-Кортес, Илхан Омар, Аянна Пресли және Рашида Тлаиб. Конгрестегі бұл әйелдер Трамптың саясатын сынап келеді. Бірақ олардың арасында Илхан Омар ғана Америка жерінде туылмаған.
Трамптың бұл пікірін демократтардың көбі, оның ішінде келесі президент сайлауына қатысатынын жариялаған сенатор Камала Харрис де сынға алды.
Өкілдер палатасының спикері Ненси Пелосимен жоғарыдағы төрт әйел арасында пікір келіспеушілігі болғанымен, Тармптың бұл жазбасын сынып, ксенофобиялық деп бағалады.