Токтогазиевтің айтуынша, келіссөздер сәтті басталған.
"Компания жылдам тамақтың бірнеше түрін шығарады. Мұндай өнімдердің ингредиенттерін біз өндіре аламыз. Бізде картоп көп, жыл сайын шаруалар оны өткізе алмай, шығынға батып жатады", - деді ол.
Кәсіпкердің айтуынша, қазір Қырғызстанда 400 мыңнан астам шаруа бар, олардың көбі түрлі қауымдастыққа мүше, дегенмен араларында тығыз байланыс жоқ. Аграрлы қауымдастықтар альянсы арқылы Токтогазиев шаруалардың күшін біріктіріп, Nestle секілді әлемнің ірі нарықтарына бірге шығуды көздеп отыр.