Ссылки доступа

Ферғанада оқтан қаза тапқан шекарашы өлімін тергеп жатыр


Дом Бобира Мирзаева в Бухаре.
Дом Бобира Мирзаева в Бухаре.

Өзбекстан Қарулы күштерінің сарбазы Бобир Мирзаев 8 шілдеде Қырғызстанмен мемлекеттік шекараны қорғап тұрған уақытта атылған оқтан қаза тапты.

"Сарбаз түнгі қарауылда болған. Қазір бұл істі Әскери прокуратура тергеп жатыр. Оқ сарбаздың ішіне тиген. Оның өлімінің себебі анықталып жатыр", - Өзбекстан Қарулы күштерінің өкілі.

Дегенмен, марқұмның әкесінің айтуынша, Қорғаныс министрлігінің өкілі оған Бобир Мирзаев өзін атып өлтірді деп хабарлаған. Ол баласының өзіне қол жұмсады деген ресми нұсқаға сенбейді.

"Балам кішкентайынан әскер қызметкері болуды армандады. Өткен жылы ол Ұлттық ұланға түскісі келген, ұпайы жетпей қалды. Сосын ол әскерге кетті. Бір күн бұрын мен баламмен телефонмен сөйлестім. Оның көңіл-күйі жақсы еді", - деді марқұмның әкесі.

Бобир Мирзаевтың өліміне бір апта өтсе де, оның туыстарына қаза туралы куәлік берілмеген. Марқұмның әкесі президенттің виртуалды қабылдауына арызданғанын айтты, бірақ әлі жауап алмаған.

XS
SM
MD
LG