Ссылки доступа

Шығыс Қазақстанда шахтада болған апаттан бір адам қаза тапты


Шығыс Қазақстанда Артемьев шахтасында мердігер ұйым қызметкері жару кезінде қаза тапты. Оқиға 17 шілдеде кешке болған. Бұл туралы KAZ Minerals компаниялар тобы хабарлады.

Компания бұны "қайғылы оқиға" деп атады. Шахтада жұмыс тоқтаған. Арнайы комиссия құрылған.

Артемьев шахтасы "Востокцветмет" кәсіпорынына тиесілі. Мұнда кен жабық тәсілмен өндіріледі. Шахта Шемонаиха қаласына жақын орналасқан. Шахтада шамамен 1 200 адам жұмыс істейді.

KAZ Minerals - Қазақстанда мыс өндіретін ірі компания, оның акцияларының үштен бірі миллиардер Владимир Кимге тиесілі.

Қазақстанда өндіріс кәсіпорындарындағы кісі өлімдерін әдетте өндіріс қауіпсіздігі талаптарының бұзылуымен байланыстырады.

XS
SM
MD
LG