Тәжікстанда адам құқықтары жөніндегі өкіл Умед Бобозода шағымды Бас прокуратураға жолдағанын айтты. "Біз Бас прокуратурадан жауап күтіп отырмыз", - деді ол.
Биыл наурыз айында Савринисо Жураева астанадағы абақтыда отырған күйеуі азапталып жатқанын БАҚ өкілдеріне хабарлаған.
"Күйеуімнің бас жарылғанын көрдім. Ол денесінде азаптау іздері қалғанын айтты", - деді Жураева.
Ол күйеуімен соңғы мәрте наурыз айында кездескен. Келесі жүздесу алты айдан соң ғана болады.
2016 жылы маусымда Тәжікстан Жоғарғы соты Махмадали Хаитты мемлекеттік бүлік жасауға талпынды деп айыптап, өмірлік түрме жазасына кескен.