Қазіргі таңда онлайн ақпарат көбейді, "кейбір сайттар, интернет қолданушылар, блогерлер біржақты, жалған ақпарат таратуы мүмкін". Бұл жағдай министрліктің шешім қабылдауына себеп болған.
Министрлік мәліметі бойынша, "кейбір шетел ақпарат құралдары, азаматтардың сенгіштігін пайдаланып, біржақты мәлімет таратады, жалған уәделермен олардың көңілінен шыққысы келеді".
Министрлік барлық ақпарат ресми дереккөздерден алынуы керек деген кеңес берді. "Ресми дереккөздердің ақпараты шын" делінген ІІМ мәлімдемесінде.