Ссылки доступа

Мирзияевтің күйеу баласы жылдамдықты арттырғаны үшін айыппұл төледі

19 шілдеде Ташкент қалалық жол қозғалысы ережесін қадағалау басқармасы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің кіші күйеу баласы Отабек Умаровты жауапкершілікке тартты.

Бұл жөнінде Умаровтың өзі Instagram парақшасына жазып, 1 824 570 сум ( 200 АҚШ доллары) төлегенін айғақтайтын түбіртекті жариялған.

Осының алдында Азаттықтың өзбек қызметі (Озодлик) Отабек Умаровтың Instagram-дағы Stories-қа салған видеосын жариялаған. Онда астананың орталық көшелерінде Tesla көлігімен сағатына 200 км жылдамдықпен басқарып бара жатқанын көруге болады.

Озодлик жариялаған бұл видеоны бірнеше минөт ішінде жүздеген мың адам көрген. «Адамдардың дәрежесіне қарамай, қоғамдағы жағдайды сынау, бұл бізге көп жұмыс істеп, тәртіпке бағынуға шақырады», – деп президенттің күйеу баласы қоғамды шулатқан іс-әрекетіне жауап берген.

«Айыппұлды бүгін төледім. Заң барлық адамға бірдей! Осы жағдайды пайдаланып, отандық және шетелдік БАҚ-қа алғыс айтқым келеді!», – деген Отабек Умаров.

XS
SM
MD
LG