Ссылки доступа

Ресейдегі Western Union шетелге аударылатын ақшаға шектеу енгізді

Ресейдегі Western Union төлем жүйесі шетелге аударылатын ақшаға шектеу енгізді - бір айда бір елге жолданатын ақша 600 мың рубльден аспауы керек. Бұл туралы компания сайтында хабарланды.

Жаңа ереже 22 шілдеден басталады. Мұндай шара заңсыз ақша және терроризмді қаржыландырумен күресу үшін қабылданған.

Биыл сәуір айында Қазақстан, Қырғызстан, Қытай және Вьетнам елдері үшін айына 100 мың рубль деп белгіленген шектеу сақталады делінген құжатта.

Осылайша, Центробанк күдік туғызатын операциялармен, соның ішінде тіркеусіз кәсіпкерлермен күрескісі келеді.

Шектеулер Ресейдегі еңбек мигранттарына әсір етпеуі мүмкін, өйткені олардың тапқан табысы Western Union енгізген жаңа лимиттен аз.

2018 жылғы мәлімет бойынша, Western Union әлемнің 200 елімен қаржы операцияларын жүзеге асырған.

XS
SM
MD
LG