Ссылки доступа

Тәжікстан мен Қырғызстан шекарадағы жанжалды бірлесіп тергейді

Тәжік-қырғыз шекарасында болған жанжалға байланысты екі елдің үкімет басшысының орынбасарлары қырғыз тарабынан Жениш Разаков және оның тәжік әріптесі Азим Иброхим кездесті.

Келіссөз барысында тұрғындар арасында болған жанжал себебін бірлесіп шешу жөнінде келіскен. Мұнан бөлек халық арасында түсіндіру жұмыстарын да бірлесіп жүргізетін болған.

Қырғызстанның шекара қызметі қазір қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай тұрақталды деп хабарлайды.

Шекара маңындағы тәжіктің Ворух елдімекенінде 17 қырғыз азаматы зардап шеккен. Бұл ақпаратты Баткен облысының әкімшілігі растады. 14 адамға оқ тиіп, үшеуіне тастар тиіп жараланған. Зардап шеккендердің төртеуі ауыл тұрғыны болса, 13-і шекара және милиция өкілі.

23 шілдеде жағдай тағы ушықты. 16.00 шамасында тәжік тарабынан оқ атылып, бір қырғыз шекарашы жараланды.

Тәжік тарабы бір адам қаза тауып, оны жараланды дейді. Жанжал барысында подполковник Абдурасул Шомирсаидовқа да оқ тиген. Ол ауруханада жатыр.

Тәжікстанның шекара қызметі болған жағдайды екі ел басшылары кездесер алдындағы кезекті арандатушылық деп атап, "қырғызстандық кейбір топтар бейбіт өмірді қаламайды" деп мәлімдеді.

Тәжік-қырғыз шекарасындағы қырғыздар тұратын Ақ-Сай және тәжіктер тұратын Ворух ауылында жағдай 22 шілдеде ушықты. Қырғызстан шекара қызметінің айтуынша, жанжалға Ворух ауылының кіреберісіне тәжік туының ілінуі себеп болған. Тараптар бір-біріне оқ атқан.

Бүгінде Исфара – Ворух тас жолы уақытша жабылды.

XS
SM
MD
LG