Жаңа санкциялар Краснодарский край - Қырым заң құбыры құрылысына және заңсыз мұнай өндіруге қатысты бірқатар заңды тұлғаларға қолданылады. Ресейде тіркелген 24 компания санкцияға ілігеді, олардың алтауы аннексияланған Қырымда орналасқан.
Үкіметтің санкция тізіміне Қытай, Түркия, Босния және Герцеговина елдерінде тіркелген кәсіпорындар да кіреді. Олардың барлығы газ құбыры магистралының құрылысына қатысқан. Заңды тұлғалардың толық тізімі жарияланбады.
Ресей Қырымды аннексиялап, Украинаның шығысындағы жікшілдерге қолдау көрсеткен соң, екі ел бір-біріне санкция салумен келеді. Мәскеу Украинаның шығысындағы жанжалға қатысты айыптауларды жоққа шығарып отыр.
Бұған дейін Украина Ресей тауарының импортына 2020 жылға дейін тыйым салған. Санкция 2015 жылдың аяғында күшіне енді, оның мерзімі бірнеше мәрте созылып, санкция тізіміндегі тауарлар саны артты. Украина Ресейге қарсы санкцияларды кеңейту туралы шешімін соңғы рет биыл мамыр айында қабылдады.
18 сәуірде Ресей үкіметі Украинаға қатысты бірқатар шектеу енгізді, олардың ішінде мұнай және мұнай өнімдерін жеткізуге тыйым да бар.