Ссылки доступа

Журналистерді қорғау комитеті: Қазақстанда тілшілерге жасалған шабуыл тез арада тергелсін


Штаб пәтері Нью-Йоркте орналасқан Журналистерді қорғау комитеті 25 шілдеде Қазақстан билігін тілшілерге шабуыл жасағандарды тез арада тергеп, кінәлілерді жауапқа тартуға шақырды.

"Құқық қорғаушылардың конференциясында журналистерге шабуыл жасау барып тұрған бассыздық. Бұл жиіркеніш туғызады. Билік мұны зерттеп, кінәлілерді жауапқа тартуы тиіс", - деп мәлімдеді ұйымның бағдарлама директоры Карлос Мартинез де ла Серна.

"Журналистер қоғам назарын аударған оқиғадан хабар таратуға құқылы. Олар қудаланбауы керек. Керісінше, билік олардың қауіпсіздігін қорғауға міндетті", - деп атап өтті ол.

Шілденің 22-сі күні 20 шақты әйел Алматыдағы адам құқығын қорғау бюросында жоспарланған баспасөз жиыны алдында шараға келген журналистерге шабуыл жасады. Шабуылға ұшырағандар арасында Азаттық тілшілері, ҚазТАГ ақпарат агенттігі мен "Алматы" телеарнасы тілшілері болды.

XS
SM
MD
LG