Ссылки доступа

Навальный дәрігері: саясаткер "улы агентпен" уланған болуы мүмкін


Оппозиционер Алексей Навальный дәрігері Анастасия Васильеваның мәлімдеуінше, саясаткердің жедел аллергиялық реакциясы "улы агентпен" уланудан болуы мүмкін.

24 шілдеден бері 30 күндік әкімшілік қамауда отырған Навальныйды абақтыдан ауруханаға жеткізген. оған "жедел аллергиялық реакция" диагнозы қойылған. Саясаткердің адвокатының хабарлауынша, Навальныйдың беті ісіп кеткен, терісі қызарған. Бұған қоса, саясаткердің көзі ауырып, көзінен жас аққан.

Адвокат бұған дейін саясаткер аллергиямен ауырмағанын айтты.

Дәрігердің сөзінше, абақты қызметкерлері "Навальный ауруы туралы" оның туыстарына хабарлағысы келмеген. Ауруханада оны офтальмологқа қаратпаған.

"Мен медициналық білімім туралы диплом көрсетсем де, бізді науқасқа жібермеді", - деді Васильева.

Бір жылдан астам уақыт бұрын, 2018 жылы 27 сәуірде Навальныйға Мәскеуде шабуыл жасалды. Оның көзіне жасыл түсті химиялық сұйықтық шашып кетті, соның салдарынан саясаткердің көзінің қарашығы жартылай күйіп қалған.

XS
SM
MD
LG