29 жылға сотталған бұрынғы кәсіпкер әрі тіркелмеген саяси партия жетекшісі биыл мамыр айында бүлік болған Вахдат түрмесінде отыр.
Құқық қорғаушылардың айтуынша, кездесуге түрме қызметкерлері қатыспаған, өзі ешқандай шағым түсірмеген:
– Кездескен бөлмеде видео камералар көрінбеді. Сыртынан қарағанда денсаулығы жақсы, еркін отырады, денесінде ұрып-соғудың белгілері байқалмайды.
Заид Саидов түрмедегі бүлік кезінде жарақат алды деген ақпарат расталмаған. Ол сол күні тек сүрініп, аяғын аздап ауыртып алғанын айтқан.
2013 жылы Тәжікстанда сот оппозициялық саясаткер әрі кәсіпкер Заид Саидовты "қаржылық алаяқтық жасады, көп әйел алды және кәмелетке толмаған қыздармен сексуалдық қатынасқа барды" деген айыппен 26 жылға түрмеге кескен. Кейін оның жаза мерзімі тағы үш жылға ұзартылды.