Пара алу ісі бойынша экс-шенеунікпен бірге айыпталып жатқан Болот Токтобаев алты жылға еркінен айырылса, Бехруз Гулрузовқа 2 миллион сом айыппұл салынып, сот залынан босатылды.
Жусубалиевтің жақтаушысы Жыргалбек Бабаев аудандық соттың шешіміне қарсы жоғарғы инстанцияға шағымданатынын айтты.
Жусубалиев соңғы сөзінде қызмет барысында жолдарды жөндеу бойынша елде 13 ірі жобаның іске асуына атсалысқанын, біреуінде де ешқандай қызығушылыққа жол бермей, жұмыс істегенін айтып, соттан өзін ақтауын сұрады.
Ірі көлемде пара алу ісі бойынша тергеу наурыз айында аяқталып, прокуратураға берілген. Тергеу бұл іс бойынша үш адамды - Азимкан Жусубалиев, Бехруз Гулрузов (Италияның "Todini" компаниясының Алматыдағы филалының коммерциялық директоры) және Болот Токтобаевты айыптады.
Арнайы қызметтің мәліметіне қарағанда, Азимкан Жусубалиев ел аймағында жаңа жолдар салу бойынша тендерге қатысқан шетелдік компания өкілдерінен 120 мың доллар көлемінде пара алды деп айыпталады. Ол былтыр желтоқсан айында 50 мың доллар пара алу үстінде ұсталған. Шетелдік компанияның мүддесін қорғау үшін ол 520 мың доллар сыйақы талап еткен екен.