Ссылки доступа

Өзбекстан премьер-министрі Бішкекке барады


Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов 1 тамызда Қырғызстанға барады. Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бішкекте Өзбекстан мен Қырғызстан арасында үкіметаралық келіссөз өтеді.

Екі елдің үкімет басшылары соңғы рет былтыр наурыз айында кездескен. Онда "Жол картасы" бірлескен жобасына қол қойған.

Өзбекстанның билік басына Шавкат Мирзияев келгелі, екі ел арасындағы сауда айналымы бес есеге артты. 2016 жылы Өзбекстан Қырғызстанға 67 млн доллардың тауарын енгізсе, 2018 жылы бұл көрсеткіш 350 млн долларға жеткен.

XS
SM
MD
LG