Тамақтан уланғандардың бәрі 28 шілде күні ауруханаға түскен. Душанбенің Сино аудандық эпидемиологиялық бақылау мекемесінің өкілі Мухиддин Гулаев ондаған адам "Максад" тез тамақтану орнынан хот-дог жегеннен кейін өздерін нашар сезінген дейді.
Дереккөздің хабарлауынша, зардап шеккендердің үлкені 63-те болса, кішісі - 19-да.
Асхана қожайыны Пайваст Назармамадовтың айтуынша, соңғы жеті жылдан бері мұндай оқиға болмаған, ешкім шағым айтпаған.
Хот-дог Душанбеде ең арзан тағамның біріне жатады. Тоқаштың арасына шұжық, сәбіз, майонез және кетчуп қосып береді.