Лебап облысында мақта сабағын қырқу науқаны басталды. Бұл әдіс өсімдіктің биік өсуін тежеп, оның өнімінің ертерек пісуіне көмектеседі.
Мемлекет қызметкерлері мақта алқабына шығып қана қоймай, ақша жинаумен де айналысады.
"Науқанға байланысты әрбір қызметкерден 20 манаттан жинап эатыр. Жұмыс аяқталғанша әрбір мекеме алқапқа 5-6 адамнан жіберіп отыруы керек", - деп хабарлады тілші.
Оның айтуынша, мұндай жұмысқа негізінен мектеп мұғалімдері тартылған.
Түркіменстанда жер мемлекеттің меншігіне жатады. Түркімен билігі биыл 1 миллион 50 мың тонна мақта жинауды көздеп отыр.