Ссылки доступа

Иран жаңа зымыран жасап шығарды


В Иране представили три новых модели высокоточных управляемых ракет, 6 августа 2019 года

Иран "әуе - әуе" санатындағы төл зымырандарының үш жаңа түрін таныстырды. Бұл туралы Irna агенттігі хабарлады.

Қорғаныс министрі Амир Хатамидің мәлімдеуінше, зымырандарды жойғыш ұшақтарға, тікұшақтарға және ұшқышсыз ұшақтарға орналастыруға болады. Зымырандардың бірі 50 шақырымнан астам қашықтықтағы нысанды көздей алады.

Жаңа қару түрі Тегеран мен Вашингтон қарым-қатынасы салқын тартқан уақытта таныстырылып отыр. Өткен жылы мамыр айында АҚШ Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келісімнен шығып кетті. Одан соң Вашингтон Тегеранға қатысты бірқатар санкцияларын қайта іске қосты.

Биыл маусым айында Иран билігі ядролық келісімдегі міндеттерді орындаудан бас тартатынын мәлімдеді.

Тегеранның ядролық бағдарламасын жоюды көздейтін келісім 2015 жылы қабылданған. Оған Иран және АҚШ, Франция, Ұлыбританя, Ресей, Қытай, Германия қол қойған.

XS
SM
MD
LG