Ссылки доступа

Түркіменстанның солтүстігінде биометрикалық төлқұжатқа кезек көбейді

Заграничный паспорт гражданина Туркменистана
Заграничный паспорт гражданина Туркменистана

Түркіменстанның солтүстігіндегі Дашоғыз қаласында көші-қон қызметінде жүздеген адам биометрикалық төлқұжат кезегінде тұр.

Енді биометрикалық төлқұжат алу жұмыстары төрт айдан астам уақытқа созылады. Бұл туралы turkmen.news басылымы хабарлады. Бұған дейін төлқұжатты 45 күнде жасатуға болатын.

Қазіргі таңда көші-қон қызметіне төлқұжатқа тапсырыс бергендер саны 500-ге жеткен.

Шетелге шығуға арналған биометрикалық мәліметтері бар төлқұжат 2009 жылы енгізілген. 2013 жылдан бері шетелге төлқұжаттың осы үлгісімен ғана шығуға болады.

XS
SM
MD
LG