Бірлескен оқу көрші елдердің террористік қауіпке қарсы әрекет етуді үйрені мақсатында ұйымдастырылған. Соңғы мәрте мұндай оқулар 2016 жылы өткен.
Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, оқулар 12 тамызда таңертең "Джелонди" әскери полигонында басталды. Оқулар 14 тамызда аяқталады.
Тәжік-қытай әскери оқулары өтіп жатқан уақытта, Ауғанстанның Бадахшан өңіріндегі қауіпті жағдай қалыптасқан. Тәліптер тобы бірнеше жылдан бері бұл провинцияның бірнеше ауданын бақылауға алған.