Жәбірленушінің туысының айтуынша, қыз үнді жігітімен Facebook арқылы танысқан.
– Ол Жаңа жылдан кейін танысып, хат алмасып тұрды. Кейін туыстары ақша жинап, екі ай бұрын оны Делиге жіберді. Өткен сенбіде ол хабарласып, өзін ұрып, зорлағанын айтты. Осыдан кейін біз Өзбекстанның сыртқы істер министрлігіне хабарластық. Бірақ әзірге ешқандай жауап жоқ, – дейді жәбірленушінің туысы.
Бірқатар үндістандық ақпарат құралдары 12 тамызда өзбекстандық азаматтың топтық зорлаудың құрбаны болғаны жөнінде хабар таратты.
India-TV тілшісі оқиға орнынан топтық зорауға қатысқан үш ер адамның екеуінің ұсталғанын хабарлады.
Bharat AAJTAK агенттігінің жазуынша, «10 тамызда үнді жігіті әлеуметтік желі арқылы танысқан өзбекстандық қызды зорлап көлікке отырғызып, достарына алып барған. Сол жерде қызды ұрлап, зорлаған».
Өзбекстан азаматтарының Үндістанда зорланғаны туралы бұл бірінші оқиға емес. 2017 жылы Делидегі Масудпур ауданында өзбекстандық келіншек бұрынғы жігіті тарапынан зорлық көрген.