Ссылки доступа

Қырғызстанның экс-бас прокуроры үйқамаққа ауыстырылды


Бішкектегі Бірінші май аудандық соты елдің бұрынғы бас прокуроры Аида Салянованы тергеу абақтысынан үйқамаққа ауыстыру туралы шешім шығарды.

Сот шешімі 15 тамызда қабылданған.

Аида Салянова 3 маусымда қылмыс әлемінің беделдісі Азиз Батукаевты 2013 жылы заңсыз босатты деген күдікпен ұсталған.

Бастапқыда сот оны 26 тамызға дейін тергеу абақтысында ұстау туралы шешім шығарған. Бірақ 15 тамызда оның жағдайы нашаршап, ауруханаға жатқызылған. Бірақ 14 күннен кейін абақтыға қайта қайтарылды. Адвокаттары оның емделуді қажет ететінін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG