Ссылки доступа

Өзбекстанда "Любая бизнес хороша" фирмасы тіркелді

Ташкентте "LYUBAYA BIZNES XOROSHA" ("Любая бизнес хороша") фирмасы тіркеуден өтті.

Әлеуметтік желілерде Мемлекеттік статистика жөніндегі комитет сайтынан алынған скриншот тарады. Оның қаншалықты рас екенін Kun.uz сайтының тілшісі тексерген.

Белгілі болғандай, аталған фирма шын мәнінде биыл 16 тамызда тіркелген

Интернет басылымның хабарлауынша, "Любая бизнес хороша" көтерме саудамен айналысады. Фирманың жарғылық қоры - млрд сум. Фирманы кәсіпкер әйел басқарады.

Еске салайық, биыл мамыр айында Ташкент қаласының басшысы Жахонгир Артыкхожаев Alter Ego бағдарламасына сұхбат берген уақытта "любая бизнес хороша" деген еді. Оның бұл айтқаны "қанатты сөзге" айналды. Қазір оны көптеген өзбекстандық әзіл ретінде қолданып жүр.

XS
SM
MD
LG