Өзбекстан бас консулдығының ақпараты бойынша, 16 тамызда Петербургта төбелес болып, үш өзбек азаматы травматикалық қарудан жарақаттанған. Біреуі ауруханаға түскен.
"Құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бас консулдық жағдайды назарында ұстайтын болады", - делінген СІМ таратқан хабарламада.
17 тамызда ТАСС пен "Фонтанка" басылымы Әзербайжан мен Өзбекстанның сегіз азаматы Петербургтың орталық базарында төбелескенін хабарлады. Онда бірнеше адамның жарақат алып, ауруханаға жеткізілгені жазылған.