Ссылки доступа

Өзбекстанда 2020 жылдан бастап несиені Ресей валютасымен төлеуге рұқсат беріледі


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 2020 жылдан бастап еңбек мигранттарына несиені Ресей валютасымен төлеуге рұқсат беретін жарлыққа қол қойды.

Бұл жөнінде елдің әділет министрлігі мәлімдеді.

Ресейдегі өзбекстандықтар "Азия инвест банк" және өзге де ресейлік банктер арқылы төлем жасай алады.

Сонымен бірге 2020 жылдан бастап үй жағдайын жақсартып алғысы келетін өзбек мигранттарына арнап 3 мың 462 пәтер беріледі. Олар бұл пәтерді несие арқылы алуына болады.

Өзбекстанның 33 миллион халқы бар, 19 миллионы еңбек етуге қабылетті. Олардың 5,6 миллионы Ресейде жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG