Ссылки доступа

Канаданың Stans Energy компаниясы кен өндіру лицензиясынан айырған Қырғызстаннан 24 млн доллар даулап алды

Канаданың Stans Energy Corp. компаниясы Қырғызстанға қарсы істі арызды қараған Торонто төрелік сотында жеңіске жетті. Аралық сот компанияға 24 млн доллар өндіріп берді. Бұл туралы Economist.kg сайты Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Қырғызстан үкіметіне қарсы арызында Stans Energy 118 млн доллар талап еткен, бірақ сот одан бес есе аз сома есептеп шығарды.

2009 жылы компания Кутессай II және Калесай кен орындарын игеруге рұқсат алған. Бірақ 2011 жылы Қырғызстан келісім шарттарын орындамаған компанияны лицензиядан айырған.

Компания Қырғызстан үкіметін халықаралық сотқа берген. Мәскеудегі төрелік соты Қырғызстанның пайдасына шешім шығарды. Оған келіспеген компания Торонто сотына шағымданған.

Қырғыз үкіметі бұл шешіммен келіспейтіндігін мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG