Ссылки доступа

Түркіменстан билігі банкоматтарда ақша жоғын мойындады


Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхамедов елде қолма-қол ақша жетіспейтіндігін жанама түрде мойындады.

Президент бұған шенеуніктерді кінәлап отыр. Мемлекет басшысының пікірінше, банкоматтарда ақша жоқтығы үкіметтің қаржы саясатына байланысты емес, техникалық сипаттағы мәселе.

Соған байланысты президент Орталық банк төрағасы Мердан Аннадурдыевке сөгіс жариялады. Бірақ банкоматтарда ақша неге жоқ деген сауалға нақты жауап жоқ.

Түркіменстанда қолма-қол ақша жоғалып кеткеніне екі жылдан асты. Банкоматтардан ақша шешіп алуға шектеу көбейді. Халық кезекке тұруға мәжбүр.

Бірнеше жылдан бері мемлекет қызметкерлерінің айлығы, зейнетақы, өтемақы, стипендия және шаруалардың ақшасы банк карталарына аударылады.

Түркіменстан Орталық банкінің бұрынғы төрағасы Худайберды Оразовтың пікірінше, банк карталарын енгізген уақытта елде оған қажетті инфрақұрылым мен жағдай жасалмаған.

XS
SM
MD
LG