Ссылки доступа

Душанбеде асқабақ мейрамының атап өтілуі сынға алынды


25 тамызда Тәжікстан астанасында асқабақ мерекесі өтті. Алайда бірқатар әлеуметтік желі қолданушылары бұл мерекені сынға алды.

«Мехргон» сауда орталығында өткен мерекелік іс-шараға министрлік және ресми мекеме өкілдері де қатысқан. Соғди, Хатлон облыстарының диқандары асқабақтан алған түсім туралы мәлімет беріп, одан даярланған түрлі тағамдарды ұсынған.

Тәжікстан президенті көмекшілерінің бірі Мухиддин Пайшанбезоданың айтуынша, жәрмеңке мақсаты - асқабақ өсіретін фермерлерге дем беру.

Тәжікстан ауыл шаруашылығы министрлігі атап өткендей, өлкеде асқабақтың төрт түрі өсіріледі, министрлік өндірісті көбейтуге ниетті.

Бұл арада әлеуметтік желі қолданушылары әдетте маубас адамдарды асқабаққа теңейтінін еске салып, мейрамды атап өту маңызды емес деген пікір білдіріп жатты.

Әлемнің көптеген елінде асқабақ байлықтың символы болып есептеледі. Оның құрамында пайдалы дәрумендер көп. Тәжікстанда асқабақтан көп тамақ жасайды.

XS
SM
MD
LG