Ссылки доступа

Түркімен полициясы банкоматқа кезекке тұрғандарды ұстап жатыр


Очередь у банкомата, Ашхабад, август, 2019
Очередь у банкомата, Ашхабад, август, 2019

Түркіменстанның шығысындағы Лебап уәлаятында жергілікті билік банкоматтардағы кезекпен күресе бастады.

Азаттық радиосы түркімен қызметінің хабарлауынша, банкоматта кезекте тұрғандарды полиция ұстап, тергеп жатыр. Бұған қоса, кәсіпорындарда қызметкерлерге банкоматтар алдында тұрмауға кеңес берген.​

Тілші мәліметі бойынша, мұндай шара жақында президенттің Орталық банк басшысына сөгіс жариялаған соң басталған. "Жалақысын алу үшін кезекте тұрғандарды қудалап жатыр. Аркадаг банкоматтар жұмысын сынаған, сендердің кесірлеріңнен банкоматтар істен шығып қалады" деп жекіді полиция қызметкері. Олар кезекте тұрғандарды ұстады" деп хабарлады түркімен қызметінің тілшісі. Оның айтуынша, қаладағы банкоматтар жұмыс істеп тұр, бірақ оларға ақша салынбаған.

Банкоматтар жаз басталғанда қаңырап қалған. Астана мен облыстарда банкоматтар алдында кезек көбейді. Кейде жүзден астам адам кезекте тұрады. Халық қолма-қол ақша шешіп алу үшін бірнеше сағаттан бірнеше күн бойы кезекте тұруға мәжбүр.

Түркіменстанда қазір банкоматтан тәулігіне 200 манат ($57) шешіп алуға рұқсат бар.

XS
SM
MD
LG