Ссылки доступа

Өзбекстанда жергілікті билік кәсіпкердің жартылай бұзылған дүкенін жөндеп берді

Өзбекстанның Қашқадария облысының Яккабог аудандық әкімдігі жергілікті іскер Бахриддин Исомовтың дүкенін тегін жөндеп берді. Өткен айда ол дүкен және тігін цехы орналасқан ғимаратын бұзуға барған әкімнің орынбасары Мансур Туймаевке өрт қойған.

"Оқиға болған күні кәсіпкердің дүкеніндегі барлық заттар көшеге шығарылған. Ғимараттың жарты жері бұзылып, сүруге дайындалған. Бірақ ертесі президент мәлімдемесінен кейін ғимарат бұзылмай қалған. Енді әкімдік тігін цехы және дүкен жайғасқан ғимаратты жөндеп берді", -деді жергілікті тұрғындардың бірі.

Президент мәлімдемесінен кейін жергілікті билік "Эски Яккабог" ауылында орналасқан басқа дүкендерді сүру шешімін тоқтатты.

​Яккабог аудандық әкімдігінің өкілі жергілікті билік кәсіпкер Исомовтың жарым-жартылай зиянға ұшыраған ғимаратын тегін жөндеп бергенін растады. Бірақ ол бұл іске қанша қаражат кеткенін айтпады.

"Мұнан бөлек Исомовтың үй-ішімен жолыққан облыс басшысы оларға өтемақы төлеп берді, бәрі заң шеңберінде шешіліп жатыр",-деді әкімдік қызметкері.

Биыл 20 шілдеде Қашқадария облысының Яккабог ауданында жергілікті кәсіпкер несиеге алған екі қабат үйі мен цехын сақтап қалуға әрекет етіп, әкімдік орынбасары Мансур Туймаевқа бензин құйым, өрт қойған.

Көп өтпей аудан басшысының орынбасары Мансур Туймаевқа қарсы қызмет бабын асыра пайдаланды деген айыппен қылмыстық іс қозғалды. Осы оқиғадан кейін аудан әкімі мен прокурор қызметінен алынды.

XS
SM
MD
LG