Ресейдегі тәжік мигранттарының 90 пайызының интернетке қосылуға мүмкіндігі бар, сол себепті радио аудиториясы кең деді "Муходжир" құрылтайшысы Абдурахим Каландаров.
Алты қызметкерден тұратын ұжымның басты мақсаты - еңбек мигранттарының өмірі туралы шынайы ақпарат тарату. "Мигранттар студияға келіп, толғандырып жүрген мәселелерін қозғай алады", - деді Каландаров.
Онлайн-радионың барлық қызметкерлері әзірге жалақысыз жұмыс істейді. Құрылтайшылар кеңсе жалдап, қажетті құрыл-жабдықтар сатып алған.
Танымал адам құқығын қорғаушы Каримджон Ёров радиода заң туралы бағдарлама жүргізеді. "Біз еңбек заңдарындағы өзгерісер туралы айтамыз. Тыңдаушылар тікелей эфирге шыға алады", - деді заңгер.
Тәжік мигранттарына арналған радио алғаш рет 2012 жылы ашылған. Бірақ ол кезде тәжік әндері ғана эфирден берілетін.
Ресейде бір миллионнан астам тәжік азаматы жұмыс істеп жүр.