Kumtor Gold Company компаниясының стратегиялық келісімде қарастырылған төлемдері бойынша жауапкершілігі күшіне енеді.
Еске салайық, бұның алдында қырғыз үкіметі Centerra Gold Inc. компаниясымен келісімге келгенін хабарлаған. Атап айтқанда, компания Қырғызстан аймақтарын дамыту жөніндегі әлеуметтік әріптестік қорына 5 млн доллар аударады. Бұған қоса компания Қырғызстан табиғатын дамыту қорына жылына 1 млн доллар төлейді. "Кумтор"кенін барлау бағдарламасына екі жыл көлемінде 16 млн доллар аударылады.
Кумтор кені - Қырғызстандағы ірі алтын өндіру кәсіпорыны. Оны Канаданың Centerra Gold Inc. компаниясы басқарады. "Қырғызалтынның" кендегі үлесі – 26%.