Ссылки доступа

Ташкентте сауда үйі құрылысында 4 адам опат болды


28 тамызда Ташкентте «Riviera» сауда үйі құрылысында металл құрастырылым құлап, төрт жұмысшы қаза тауып, екеуі жарақат алған. Бұл жөнінде елдің төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Әзірге бар мәліметке сәйкес, Алмазар ауданында салынып жатқан «Riviera» сауда үйінде қайғылы оқиға түс кезінде болған.

Металл құрастырылымнан құлаған 6 құрылысшының төртеуі мерт болған. Екеуі республикалық медициналық жедел жәрдем орталығына жеткізілген.

XS
SM
MD
LG