Ссылки доступа

Қытай Тәжікстанда мұнай өңдейтін зауыт құрылысын аяқтады


СNPC (Қытай ұлттық мұнайгаз корпорациясы) компаниясының еншілес кәсіпорны Тәжікстанда мұнай өңдейтін зауыт (МӨЗ) құрылысын аяқтады. МӨЗ жылына 300-ден 500 мың тоннаға дейін мұнай өндірмек.

Зауытты "TK-Oil" бірлескен тәжік-қытай компаниясы "Даңғара" экономикалық аймағына салған. Былтыр тәжік билігі "TK-Oil" компаниясының иесі Тәжікстанның "Хасан и Ко" компаниясы мен Қытайдің Dong Ying heli Investment and Development Co. Ltd кәсіпорны деп атаған. Бұл CNPC-тың еншілес кәсіпорны.

«Asia Plus» агенттігі 2013 жылы "TK-Oil” компаниясының 90 проценті Қытайдың Dong Ying heli Investment and Development Co. Ltd кәсіпорнына, ал тек 10 проценті "Хасан и Ко" компаниясына тиесілі деп мәлімдеген.

Қазіргі кезде қытай компаниясы Қазақстанмен мұнай импорттау жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр.

Тәжікстан мұнайдың негізгі бөлігін Ресейден тасиды. Бұл мемлекет келісім-шартқа сәйкес, Тәжікстанға бір миллион тоннаға дейін салықсыз мұнай сатады.

Ресми статистика бойынша, Тәжікстан 2018 жылы 310,8 млн долларға 446 мың тонна мұнай сатып алған.

XS
SM
MD
LG