Ссылки доступа

Қырғызстан мен Өзбекстан арасын жалғайтын Сох-Риштан тасжолы ашылды (видео)


Арада алты жыл өткеннен кейін Қырғызстан мен Өзбекстан арасын жалғайтын Сох-Риштан тасжолы ашылды. Жол 2013 жылдың басында екі ел шекарашылары арасындағы жанжалдан кейін жабылып қалған.

Ферғана облысының екі ауданын алып жатқан, қашықтығы 70 шақырым болатын жол көрші Қырғызстан аумағы арқылы өтеді.

Алты жыл бойы екі елдің тұрғындары 130 шақырым қашықтықтағы Вуадиль ауданы арқылы өтіп келді.

Былтыр екі елдің президенті кездескен кезде, Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзияев барлық шекараны ашатынын мәлімдеген.

2013 жылдың қаңтар айында Ферғана облысының Сох ауданына баратын Риштан тасжолында жаппай тәртіпсіздік орын алған.

XS
SM
MD
LG