Оның айтуынша, аталған өлкені Өзбекстанмен байланыстыратын жолды ашуда бірнеше мәселе бар.
«Аталған зонада істелінетін жұмыс өте көп. Біріншіден, Еуразия Экономикалық аймағына қатысты талаптарға сәйкестендіруіміз керек. Бұл ұйымның Қырғызстанға жүктелген басты талабы - ветеринарлық, фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелері. Осы жұмыстар жасалмайынша, жолды аша алмаймыз», - деді Разаков.
Осыған дейін Азаттықтың өзбек қызметі Сохты Өзбекстанмен байланыстыратын жолдың ашылғаны жөнінде видео материал жариялаған. Онда жолдың ашылуы бойынша салтанатты шаралар өтіп, онда қырғызстандық шенеуніктердің де қатысқанын көруге болады.
Аталған шараға қатысқан Баткендегі Ак-Турпак ауыл үкіметінің басшысы Алчынбай Төралиев 30 тамызда расында жолдың ашылғанын растады. Ол жол екі ел билігінің келісімі бойынша ашылған дейді. Бірақ қазір жол қайта жабылған.
Бұл бойынша Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметі түсініктеме бермеді.
Өзбекстанға апаратын Сох ауданы - Қырғызстан аумағында орналасқан анклав. 2013 жылы қырғыз-өзбек шекарасындағы жанжалдан соң Сох-Риштан жолы жабылған.