Ссылки доступа

Кабул шығысындағы жарылысты тәлібтер мойнына алды


Кабул, 2 қыркүйек, 2019 жыл.
Кабул, 2 қыркүйек, 2019 жыл.

Дүйсенбі күні кешкісін Кабулде болған жарылысты тәлібтер мойнына алды. Жарылыстан бес адам қаза тауып, ондағаны жараланды.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, жарылыс Ауғанстан президенті Ашраф Ғанимен кездесуге америкалық дипломат келген кезде болған. Ол бейбіт келісім нұсқасын көрсетуге келген. Жобада бес мың америкалық әскердің Ауғанстаннан кететіні айтылған. Жауап ретінде тәлібтер ауған жерін экстремистік топтарға бермеуі тиіс.

Жарылыс халықаралық ұйымдардың өкілдіктері орналасқан "жасыл аймақта" болды. Екінші жарылыс электрогенераторлар орналасқан станцияда орын алған.

Ауғанстан ішкі істер министрлігі жарылыстан бес адам қаза тауып, елуі жараланды деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG