Ссылки доступа

Түркияда заңсыз мигранттарға қарсы рейд жүріп жатыр


Өзбекстан сыртқы істер министрлігі Түркияда тұратын отандастарына заңсыз мигранттарға қарсы рейд жүргізіліп жатқанын ескертті.

СІМ таратқан хабарламада Стамбұлда заңсыз келген мигранттарды ұстап, еліне депортациялау мақсатында қоғамдық орындарда жүйелі түрде рейд жүрзіліп жатқаны айтылған.

Түрік мамандарының айтуынша, шетел азаматтары тұрақты тұруға құқық беретін (ikаmеt izni) және жұмыс істеуге мүмкіндік беретін (çalişma izni) құжаттарды айыра алмай жатады.

"Заңға сәйкес, егер шетелдік азаматтарға тұруға құқық берілсе, ол жұмыс істеу үшін қосымша құжат алуы тиіс. Егер ол жоқ болса, заңды бұзған болып есептеледі", - делінген СІМ хабарламасында.

2018 жылдың қыркүйек айынан бастап Өзбекстан азаматтары Түркияда 90 күн бойы визасыз жүре алады.

XS
SM
MD
LG