Ссылки доступа

Мирзияев 2020 жылы өтетін Олимпиадаға дайындықты сынады


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев дене тәрбиесі және спорт мәселелеріне арналған жиында 2020 жылы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына дайындықты сынға алды.

Өзбекстан президенті баспасөз қызметі хабарлағандай, Ұлттық Олимпиада комитеті мен спорт министрлігіне спортшылардың алдыңғы орындарға ұмтылуға жағдай жасауға тапсырма берген.

Жиында жарыстардан кейін спортшылардың тез қалпына келуі үшін фармакологиялық жәрдем беру керектігі де айтылған. Бірақ Өзбекстанда спорттық фармакология жоқ әрі бұл бойынша ғылыми база жұмыс істемейді.

Өзбекстан президенті көптеген спортшылар қандай затты қолдануға болатынын, қайсысы допинг болып есептелетінін білмейді дейді. Мирзияев спорттық фармакологияны өндіру бойынша қаулы жобасын әзірлеуді және спорт федерацияларында кешенді зертханалар ұйымдастыруды тапсырды.

XS
SM
MD
LG