Ссылки доступа

Тәжікстан мен Өзбекстан "террористермен бірлесіп күреседі"


Өзбекстан Қорғаныс министрлігінің мәліметіне қарағанда, бірлескен жаттығу 16- 21 қыркүйек аралығында Наманган облысындағы "Гурумсарой" әскери полигонында өтеді. Оған екі өлкенің 200-ге тарта әскери жауынгері қатысады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, екі елдің әскери жаттығуы "Орталық-2019" деп аталған ірі масштабтағы командалық жаттығу аясында өтеді. Жалпы бұл жаттығуларға Ресей, Қазақстан, Қытай, Пәкістан, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің қатысуы қаралған. Наманган облысындағы жаттығу бірінші кезең болмақ, екінші кезеңі Ресейдің Орынбор облысындағы "Донгуз" полигонында өтеді.

Тәжікстан қорғаныс министрлігі аталған жаттығуға қатысу үшін көрші елге шағын топтың өкілдері, атап айтқанда десанттар, авиация және жаяу әскерлер баратынын айтты.

Бұл Тәжікстан мен Өзбекстан қарулы күштері үшін бірінші әскери жаттығу емес. Былтыр екі ел Тәжікстандағы "Чоррухдарон" полигонында және "Нурафшон" оқу орталығында бірлескен әскери жаттығу өткізген.

XS
SM
MD
LG