Ссылки доступа

Тәжікстанда басылып шығатын кітаптардың данасы 500-ден аспайды


Тәжікстан тәуелсіздікке ие болғаннан бері басылып шыққан кітаптардың түрі көбейгенімен олардың тиражы 100 есеге азайған. Бұл туралы Азаттықтың тәжік қызметі хабарлайды.

Ақпаратқа қарағанда, Советтік Тәжікстан кезінде кітаптар мыңдаған тиражбен басылып шығып тұрған болса, қазір олар 50, ең көп дегенде 500 данамен ғана жарық көреді.

"Тәжікстанның кітап үйі" ұлттық агенттігі жетекшісі Курбонали Бурхонзоданың айтуынша, былтыр елде 6 мыңнан астам кітап басылып шықса, көбінің тиражы 200-ден асқан емес. Өз кезегінде бұл елде кітап бағасының өсуіне алып келген.

Тәжік мәдениет министрі Шамсиддин Орумбекзода кітаптың тиражы Тәжікстанда ғана емес, постсоветтік елдердің көбінде азайғанын айтады. "Бірақ бұл тәжікстандықтар кітап оқымайды деген сөз емес. Қазір адамдар кітапханаға барып оқығаннан гөрі, электрондық кітап сатып алғанды қалайды", - дейді министр.

XS
SM
MD
LG