Ссылки доступа

Өзбекстан әскери сотында ҰҚҚ экс-полковнигі Нодир Туракуловқа қатысты сот басталды

Өзбекстанның әскери соты 5 қыркүйекте Ұлттық қауіпсіздік қызметі (қазір Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі) Сұрхандария облыстық тергеу бөлімінің бұрынғы басшысы полковник Нодир Туракуловқа қатысты істі қарай бастады. Бұл туралы өзбек шенеуніктерінің бірі хабарлады.

Дереккөз мәліметі бойынша, іс International Spedition Willi Bets неміс компаниясы өкілдерінің шағымы негізінде қозғалған. Компания Нодир Туракулов әрекетінен зардап шеккенін мәлімдеген.

Қылмыстық іс құжаттарында айтылғандай, жәбірленуші тарап Нодир Туракуловты Mercedes Bens Aktros маркалы автомобильдің 17 данасын заңсыз бұғаттап, неміс компаниясын 4 800 000 евроға шығынға ұшыратқан.

Еске салайық, 2018 жылы 25 қазанда сот алқасы неміс компаниясы өкілдерінің талаптарын қанағаттандырмаған.

Сот жабық өтіп жатыр, өйткені іс материалдарында мемлекеттік құпияға жататын мәлімет бар.

Өткен жылы 25 қазанда полковник Нодир Туракулов 16 жылға сотталып, оған 400 ең төменгі жалақы (9 мың доллар) көлемінде айыппұл салынған. Сол кезде сот оны жемқорлыққа қатысты бірнеше бап бойынша айыпты деп тапқан.

43 жастағы шенеунік Нодир Туракулов 2018 жылы 22 қаңтарда Ташкентте ұсталған.

XS
SM
MD
LG