Ссылки доступа

Тәжікстанда 4 млн долларға "Париж бұрышы" ашылды

Париж бұрышы, Куляб, Тәжікстан
Париж бұрышы, Куляб, Тәжікстан

Тәжіктің Куляб қаласында "Париж бұрышы" деп аталатын 5 гектарлық саябақ ашылды. Онда 30 метрлік Эйфель мұнарасының көшірмесі орнатылған. Жанында "Лувр пирамидасы" да бар. Айналасында француз стилінде кафе, ғимараттар салынған.

Саябақ салуға 4 миллион доллар жұмсалған. Қаржыны ТАЛКО мемлекеттік алюминий компаниясы берген. Келесі аптада оны ресми түрде ел президенті Эмомали Рахмон ашпақ.

Кейбір тұрғындар саябаққа қаржы жұмсағаннан гөрі, жұмыс орындарын ашса дұрыс болушы деп есептейді. Бірақ саябақтың ашылғанына қуанатын адамдар да аз емес. "Мүмкін мен өмірімде Парижді көре алмаспын. Бірақ қаламда оның көшірмесі барына қуанамын", - дейд Куляб тұрғыны Мижгона Расулзода.

Куляб журналисі Ахмади Иброхим билік осылай шетелдік туристерді тартуға тырысады, бірақ саяхатшылар Кулябқа бұл үшін келмейді дейді.

Куляб – халқы 200 мың болатын Тәжікстандағы үшінші ірі қала.

XS
SM
MD
LG