Ссылки доступа

Түркіменбашыдағы мұнай өңдеу зауытының қызметкерлерін жалақысыз демалысқа шығарды


Туркменбашинский комплекс нефтеперерабатывающих заводов
Туркменбашинский комплекс нефтеперерабатывающих заводов

Түркіменстандағы Түркіменбашы мұнай өңдеу заутының жұмысы алты айға тоқтады. Бұл туралы Азаттық радиосының түркімен қызметі хабарлады.

"Зауыттың шамамен 500-ге жуық қызметкері жалақысыз демалысқа жіберілді. Зауытты толық жөндеу үшін шетел инвестициясын тарту керек, өйткені Түркіменстанда мұндай қаражат жоқ. Сол себепты зауыт жұмысы уақытша тоқтады", - деп хабарлады Азатлыктың Балкан уәлаятындағы тілшісі.

Оның айтуынша, қазір зауытты жиырма шақты күзетші мен аула тазалаушы қалған. "Олар да қазан айында жалақысыз демалысқа шығады".

Бұның алдында зауыт басшысы қызметтен алынғандығы, кәсіпорынды жөндеу жұмыстарын АҚШ компаниясы қолға алғаны хабарланған еді. Мұнай өңдеу зауыты уақытша жабылған тұста Түркіменстанда бензин тапшылығы қатты сезіліп жатыр.

XS
SM
MD
LG