Ссылки доступа

Азия: Орталық Азия елдерінде Қытайға не тиесілі? (жинақ)


Аймақтардағы бұқаралық ақпарат құралдары үшін материалдарды толық немесе жартылай пайдалануға толық рұқсат беріледі. Қолданушылардың сұрауы бойынша бейне-роликтердің түпнұсқасын ұсына аламыз. Сонымен бірге Директ коллекциясындағы кез-келген видеоны пайдалана аласыздар.

- Азия: Орталық Азия елдерінде Қытайға не тиесілі? Қазақстан президенті ресми сапармен Бейжіңге барды. (видео Настоящее время)

- Бішкек әкімі қаланы дамыту стратегиясы туралы. (видео Директ)

- Әзімбай Ғали: Тоқаевтың Қытайға сапары қаржылай тәуелді етуі мүмкін. (видео)

- Қызылордада еңбекақысын даулаған әлеуметтік көмекшілер сотқа жүгінді. (видео)

- 63 жасында хат танып жүрген ауған әйелінің хикаясы. Ауғанстан білім министрлігінің ақпаратына қарағанда елде жасы 45-тен асқан адамдардың 60 пайызы сауатсыз. Бұл олқылықтың орнын билік ел аумағында ашылған арнайы оқыту орталықтарымен толтырмақ. Мыңдаған егде адам қазір осы орталыққа келіп, әріп танып жатыр. Солардың бірі - Шафика Мосауи. (видео)

- Оқу мен жөндеу қатар жүрген мектептер. Жаңа оқу жылы басталып кетсе де, Солтүстік Қазақстан облысындағы кей мектептерде күрделі жөндеу жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Мектеп асханасы да жұмыс істемейді. Соған қарамастан оқушылар сабаққа барып жүр. Ата-аналар балаларын мектепке бірнеше қабат киім кигізіп жіберуге мәжбүр екендерін айтады. (видео)

- "Тоқаев Пекинде қай мәселені талқылайды?""Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай басшылығымен кездесуде қандай мәселелерді көтеруі керек деп ойлайсыз?" Азаттық тілшілері бұл сауалды парламент депутаттарына қойды.​ (видео)

- Азия: бағасы өте арзан мақта. Тәжікстанда диқандар шығынға батты: мемлекеттер мақта үшін өте төмен баға ұсынып отыр. (видео Настоящее время)

- AzatNews 10.09.2019. Қамауда отырған "Қазатомөнеркәсіп" компаниясының бұрынғы жетекшісі Мұхтар Жәкішевтің бостандыққа шығуын қалайтын белсенділер Қазақстанның әр өңірінде наразылық акцияларын өткізді. (Қазақстан жаңалықтары)

- Владимир Божко: Масылдыққа қарсымын. Қазақстан мәжілісінің депутаты Владимир Божко Азаттық тілшісіне "халық мемлекетке тізерлеп, алғыс айту керек" деген сөзі жайлы пікір білдірді. (видео)

- Оппозициялық партия ішіне іріткі салған ба? Жалпы ұлттық социал демократиялық партия (ЖСДП) төрағасы Ермұрат Бапидың 6 қыркүйек күні қызметінен кетуі қоғамда түрлі пікір тудырды. Партияның бұрынғы жетекшісі Жармахан Тұяқбай оқиғаны "нағыз трагедия" деп атады. Кейбір сарапшылар "бұл биліктің әрекеті" деп бағалайды. (видео)

- Азия: Қазақстанда наразылыққа шығып жүргендер кімдер? Жаңаөзенде Қытайдың Қазақстандағы экспанциясына қарсы митинг өтіп жатыр, ал Нұр-Сұлтанда көп балалы аналар қарыздары неге кешірілмегенін білуге тырысты. Тәжікстанда Рогун ГЭС-інің екінші агрегаты ашылды. (видео Настоящее время)

- Қазақстанда аналар мемлекет кімдердің қарызын кешіріп жатқаны туралы есеп беруін талап етті. (видео Настоящее время)

- Самарқанд облысындағы ауылда перзентхана жабылып қалды. Әйелдер қиын жағдайда босануға мәжбұр. (видео Өзбекстан)

- Кулябта француз ауданы пайда болды. (фотокөрме)

- Ауыл тұрғындары Қытаймен біріккен зауыттың жұмысына наразы. Қызылорда облысындағы Шиелі ауданы Шеген Қодаманов ауылының тұрғындары Қазақстан мен Қытай бірігіп салған "Гежуба Шиелі Цемент" зауытынан шығатын түтін мен шаңның иісі жағымсыз екенін айтады. (видео)

- Тәуелсіздік жылдарында қандай өзгеріс болды? Тәжікстан тәуелсіздігіне 28 жыл. (видео ТР)​

- Тәжікстанда ұн 30 пайыз қымбаттады. (видео Директ)

- 100 жылдық күрес: Ауған әйелдерінің еркіндікке ұмтылысы​. 100 жыл бұрын Ауғанстан Ұлыбританиядан тәуелсіздік алған кезде әйелдер де еркіндіктің дәмін татты. Білім алды, қалаған киімін киді. Бірақ кейінгі режимдер әйелдер құқығын бірде таптады, бірде қорғады. (видео)

- Журналистер Қырғызстанның әлеуметтік қоры ақшаны талан-таражға салды дейді. (видео Директ)​

- "Майдан алаңы секілді": "Дориан" дауылының салдары БАҚ пен әлеуметтік желіде жарияланып жатыр. (видео Настоящее время)

- Тәжікстан Тәуелсіздік күніне дайындалып жатыр. (видео / Тәжікстан)

- Үлкен айырбас: ең әсерлі суреттер. 7 қыркүйекте Украина мен Ресей тұтқындар алмасты. (фотокөрме)

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! МЫҢДАҒАН АУДИО ЖӘНЕ БЕЙНЕЖАЗБАНЫ КӨРУГЕ ЖӘНЕ ӘРІПТЕСТЕР ҮШІН ЛОГОТИПСІЗ БЕЙНЕЖАЗБАЛАРДЫ КӨШІРУ МҮМКІНДІГІМЕН ТАНЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ

XS
SM
MD
LG