Ссылки доступа

Жоғарғы сот Трамптың босқын мәртебесін алу құқығын шектеу туралы жарлығын күшінде қалдырды


Мигранты в Мексике на пути к границе с США в январе 2019 года
Мигранты в Мексике на пути к границе с США в январе 2019 года

АҚШ Жоғарғы соты сәрсенбі күні Трамп әкімшілігінің мигранттардың босқын мәртебесін алу құқықтарын шектеу туралы жарлығын күшінде қалдырды.

"Біз ірі жеңіске жеттік", - деп жазды Дональд Трамп Твиттерде.

Президент жарлығына сәйкес, АҚШ-қа үшінші ел арқылы өткен мигранттар сол елден босқын мәртебесін ала алмаған жағдайда ғана, Ақ үйден босқын мәртебесін сұрауға құқығы бар. Соған байланысты Мексика арқылы АҚШ-қа өткен мигранттардың барлығы, әсіресе Орталық Америка елдерінің азаматтары босқын мәртебесін АҚШ-тан сұрай алмайды. Олардың өтініші әуелі Мексикада қаралуы тиіс.

Жоғарғы сот алқасы тоғыз мүшесінің екеуі ғана Трамп жарлығына қарсы шықты, қалған жетеуі бұл мәселеге қатысты көзқарастарын көпшілікке жарияламады.

XS
SM
MD
LG