Танкер қай елге, кімге тиесілі екені нақты айтылмайды.
Кемені ұстау Сауд Арабияның мұнай өндіретін инфрақұрылымына шабуыл жасаған сәтімен сәйкес келіп отыр. 14 қыркүйекте дрондар мұнай өндіретін зауытқа шабуыл жасады. Шабуылды Иранмен байланысы бар йемендік көтерілісші-хуситтер мойнына алған. АҚШ мемлекеттік департаменті Тегеранды айыптады. Иран болса теріске шығарады.
Әлемдегі ең ірі мұнай экспорттаушы Сауд Арабия тәуліктік мұнай өндіруді екі есеге түсірді. Шикізат бағасы бірден өсіп кетті. Brent маркалы мұнайдың бағасы 14 процентке өсіп, баррелі 70 долларға жетті.
АҚШ президенті Дональд Трамп жағдайды реттеу үшін мұнай қорын пайдалануға тапсырма берді.