Ссылки доступа

Қырғыз-тәжік шекарасындағы "Кулунду-автожол" бекеті жұмыс істемей тұр


east from Bishkek, May 12, 2017
east from Bishkek, May 12, 2017

Қырғызстан мен Тәжікстанның мемлекеттік шекарасында "Кулунду-автожолдан" басқа бекеттердің барлығы жұмыс істеп тұр.

Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінің мәлімдеуінше, тәжік тарапы "Кулунду" бекетінен Қырғызстан мен Тәжікстан азаматтарын өткізуді тоқтатқан. Шектеудің үшінші елдердің азаматтарына қатысы жоқ.

"Кулунду - автожол" бекеті Қырғызстанның Баткен облысы Лейлек ауданы Кулунду ауылының солтүстігінде орналасқан.

16 қыркүйекте кешке Лейлек ауданы Максат ауылына жақын маңда мемлекеттік шекарада атыс болды. Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 14 адам жараланған, бір шекарашы мерт болған. Екі шекарашының жағдайы ауыр екені хабарланды. Ауруханаға жарақатпен түскендердің арасында 12 жастағы бала бар.

Атыстан Тәжікстан азаматтары да зардап шеккен - 12 адам. Олардың біреуінің жағдайы ауыр.

Қырғызстан премьер-министрі Мұхаммедкалый Абылгазиев Баткен облысында жүр. Қырғызстан мен Тәжікстан жанжалдың басталуын бір-бірінен көріп отыр.

XS
SM
MD
LG