Ссылки доступа

Петербургте скинхедтер өзбек азаматына қол салды


Санкт-Петербургта ұлттық-социалистік бағыттағы бейформал топтың өкілдері өзбек азаматына шабуыл жасаған. Жәбірленуші қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы ресейлік басылымдар хабарлады.

Мәліметке қарағанда, Мәскеуден барған 17-20 жастағы төрт жасөспірім көшеде өзбек азаматымен жанжалдасып, мигрантқа пышақ сұққан.

Полиция хабарлағандай, ұсталғандардың денесінде Үшінші Рейх пен СС белгілері бар татуировка түсірілген. Бірақ пышақты жасырып үлгерген. Полиция оларға қарсы қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG