Ссылки доступа

Өзбекстан мұнай мен бензин өндіруді азайтты


Өзбекстанда биыл бензин өндіру көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 11,1 пайыз азайған.

Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметі бойынша, өткен жылы қаңтар-тамыз айлары аралығында 764,1 мың тонна бензин өндірілсе, биыл сегіз айда бұл көрсеткіш 679,5 мың тонна болды.

Комитет қаңтар айында бензин өндірісі 31,8 пайыз кемігенін хабарлаған еді.

Дизель отыны өндірісі де 4 пайызға азайып, 701 200 тонна болған.

2018 жылы қаңтар-тамыз айларында шамамен 500 000 тонна мұнай өндірілсе, биыл сегіз айда 467 200 тонна ғана болған, яғни өндіріс 6,5 пайыз азайған.

XS
SM
MD
LG